275 адамды алдап соққан қаржы пирамидасының жолы кесілді

Айласын асыратындар айылын жияр емес.

Тағы 275 адам алданып, 217 млн теңге шығын келді. Қаржылық мониторинг агенттігі тағы бір қаржы пирамидасын құрықтады. Қазір «R.O.I.» ұйымына тексеріліп, ұйымдастырушылары 2 айға қамалған. Олар  азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған. Шарты – үлестік жарна жинау. Бірақ жаңа қатысушылардың қаржысы кооперативтің бұрынғы мүшелері алдындағы міндеттемелерін өтеуге жұмсалған. Бірақ кеңес беру қызметінің ақысы деген желеумен кооперативтен 94 млн теңге «Кәусар» жеке кәсіпкерлігінің есепшоттарына аударылған. Соттың рұқсатымен үш көлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- 2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда «ShynSaulet», «Berekeli Shanyrak», «Aya-Aru», «Jasmin», «USCoop» және «Baiterek» атты алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған. Бұл ұйымдар «R.O.I.» тұтыну кооперативі басшысының бақылауында болған. Олар жеке сот орындаушылары бұғаттаған негізгі кооперативтің банк шоттарын айналып өтіп, түскен ақшаны басқа шоттарға бағыттау үшін пайдаланылған.

Сондай-ақ оқыңыз: