СҚО-да жер үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында болды. Оқыс оқиға жайлы қоңырау кезекші бөлімге таңғы сағат 07:00-де келіп түскен. Мамандар екі сағаттың ішінде тілсіз жауды тоқтатып, үйдің ішінен 3 жасар бала мен оның ата-анасының денесін тапты. Қазір қызыл жалынның неден шыққандығы анықталып жатыр.

Рамиль Қамалов, облыстық ТЖД басшысы:

- Өрт кезінде үйде газ баллоны жарылған. Салдарынан баспананың шатыры опырылып түсті. Біздің мамандар үш адамның мәйітін тапты. Марқұмның туыстарының айтуы бойынша үйде 19 жастағы тағы бір азаматша болған. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.