Перзентхана қызметкерлері ұшыраған жол апаты тергеліп жатыр

Перзентхана қызметкерлері ұшыраған жол апаты тергеліп жатыр

Өткен тәулікте Есік-Бәйдібек би тас жолының 72-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Айта кетейік, Алматы облысында перзентхана қызметкерлері бар шағын автобус аударылып қалғаны белгілі болды. Онда 18 адам болған. Қазір 4 адамның жағдайы ауыр. 

Күн райының құбылмалы болып, көктайғақ пен тұманның кесірінен жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған.