Жаңаөзенде ерлі-зайыптылар газдан уланып көз жұмды

Жаңаөзенде ерлі-зайыптылар газдан уланып көз жұмды

Қайғылы жағдай таңғы 9 шамасында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға болған жерге шұғыл жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері пеш мұржасынан ақау тапты. Қазір полиция мен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының қызметкерлері осы жағдайға қатысты өзге де тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мұрат Мұханов, өңірлік ТЖД басшысы:

– Қайғылы жағдайға жылыту құралын қолдану ережелерінің өрескел бұзылуы себеп болғаны анықталды. Ерлі-зайыптыларға шұғыл көмек көрсету мүмкін болмады. Оқиға орнында департамент қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.