425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

  • 174
  • UPD: 14:05, 11.03.2021
Оралда зейнеткерді қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен tengrinews.kz

Оралда зейнеткерді қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті.

Ер адам облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 10 наурызда сағат 19:45-те Audi көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесінде 65 жастағы ер адамды қағып, қашып кеткен.

«Зейнеткер реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Audi 80 автокөлігі арнайы тұраққа қойылды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі Мөлдір Садырғалиева.

Ер адам ауруханаған ауыр жағдайда жеткізілген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі («Жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция өкілдері жыл басынан бері БҚО-да 38 жол-көлік оқиғасы болғанын, одан 22 адам қаза тауып, 79 адам жарақат алғанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы