Ақмола облысында 16 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақмола облысында 16 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақмола облысында есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардан 16 келіден астам «гашиш» есірткісі тәркіленді. Күдіктілерді тінту барысында 17 млн теңгеден аса қаражат та табылған. Ал, 3 адамнан тұратын ұйымдасқан топ, есірткіні Нұр-Сұлтан қаласы мен елордаға жақын аудандарда сатпақшы болған.

Мейрам Жаппасов, облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы:

- Ұсталған 3 адам Ақмола облысының тумалары. Екеуі бұрын сотталған. Олар қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Күдіктілердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 297-бап 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.