Шымкентте тұрғын үйдегі өрттен нәресте құтқарылды

Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің бірі өртенді. Қызыл жалынға себепші балконның пластикалық қаптамалары болуы мүмкін дейді өрт сөндірушілер.

Өрт тіпті үшінші қабатпен қатар төртінші қабатты да шарпыған. Жанған аумақ 8 шаршы метрді құрайды. Өрт кезінде төтеншеліктер пәтер ішінен нәрестені қауіпсіз жерге алып шыққан. Өрт бір сағат ішінде толығымен сөндірілді.

Ақтауда жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға қаладағы 14 шағын ауданда болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Toyota Camry маркалы көліктің жүргізуші жолда тізгінге ие бола алмай ГАЗель-ге соғылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігі өртенді. Жол апатына себепші болған жүргізушіге полиция әкімшілік хаттама толтырды.

Ақтауда пикап пен жол талғамайтын көліктің соқтығысуы видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Оқиғадан бірнеше адам зардап шекті. Олар жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір жол апатының орын алу себебін полиция анықтауда.