Ақтөбеде жол талғамайтын көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбеде жол талғамайтын көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 13 тамыз күні сағат 17:20-да «Покровка-Жаңажол» тас жолында тіркелді. Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан жолдың оң жақ бөлігіне аударылған.

«Автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.