Бақшасында 15 келіден аса есірткі еккен қызылордалық қолға түсті

53 жастағы тұрғынның ауласында сора еккені анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту барысында 23 түп сора өсімдігі, 300 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.