Қостанайда 83 жастағы қария жол апатынан көз жұмды

9 қазанда Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға күндіз болған. ВАЗ-2114 автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі 83 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зейнеткер реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған. 10 қазан күні жәбірленуші Әулиекөл аудандық ауруханасында алған жарақаты салдарынан көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, яғни «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.