Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Шымкент қаласындағы Т.Рысқұлов көшесінде қоқыс салатын жәшіктен сәбидің денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, бала жаңа туылған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Мәйітті алғаш сағат таңғы 7:00 шамасында қоқыс тасушылар көрген. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.