Нұр-Сұлтандағы «Еуропалық» тұрғын үй кешенінде өрт болды

Inform.kz

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты. 

Ғимараттың шахтасында электр кабельдері жанғаны анықталды. Одан шыққан қызыл жалын төрт қабатты шарпыды. Бұл туралы төтенше жағдай департаменті мәлімдеді. Айтуынша, бүгін сағат 15-29-да  өрт сөндіру бөлімшесіне оқиға туралы хабарлама түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше Жағдай Департаментінің  жеке құрамынан 22 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 6 адам оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Қызыл жалын сағат 16:17-де толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.