Павлодарда жол үстіне отырған ер адамды көлік қағып кетті

Павлодарда жол үстіне отырған ер адамды көлік қағып кетті

Павлодарда жол үстіне отырған ер адамды көлік қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты Жібек жолы көшесіндегі қалалық қоқыс үйіндісінің маңында орын алған.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиға 9 желтоқсан күні сағат 21:45-те орын алғанын жеткізеді. Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ер адам жолда отырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, делінеді департамент хабарламасында.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.