Павлодар облысында көпір үстінде екі көлік соқтығысты

Павлодар облысында көпір үстінде екі көлік соқтығысты
Алтапресс

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер зардап шекті, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 13 желтоқсан күні сағат 11.00-де  Павлодар – Ақсу тас жолында орын алған. 

- «Хюндай Акцент» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі «Нұрлы Жол» көпірінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жол бойында   сынып тұрған «Хонда» автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан «Хонда» автокөлігінің 70 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді» , - деді департаментте.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.