Елордада жол апатынан әйел адам қайтыс болды

Бүгін, 29 жетоқсан күні, сағат 09:42-де Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан – Қарағанды автожолында жол апатына ұшырады.

Рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші қарсы бағытға шығып кетіп, Iveco Crossway автобусымен соқтығысқан.

Елорданың Полиция дапертаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Toyota Yaris-ті басқарған әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Автобус жолаушылары зардап шекпеген.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.