Алматыдан 786 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 786 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
AutoGear.ru

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOMЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 ақпан күні сағат 16:40-та жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 786 шақырым жерде Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6.

MPV магнитудасы 4,8.

Эпицентр координаттары 37,45° солтүстік  71,53° шығыс

Тереңдігі 120 км.