Алматылық тұрғынның сарайынан бүлік кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.

«Камерад» қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр.

– Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 5 қаңтарында «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны «жақсы уақытқа дейін» үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырғаны анықталды.  Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдікті қамауға алынды.