Өскеменде есірткіні интернет-дүкен арқылы сатқан екі азамат ұсталды

Өскеменде есірткіні интернет-дүкен арқылы сатқан екі азамат ұсталды
ҰҚК

2022 жылғы 2 және 7 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласында өңірлік синтетикалық есірткі арналарын ұйымдастыруға және оларды интернет-дүкен арқылы өткізуге қатысы бар Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады.

Заңсыз айналымнан шамамен 1 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі