ШҚО-да ауыл тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатқан

ШҚО-да ауыл тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатқан
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында есірткі сататын интернет дүкен анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Глубокое ауданы Опытное поле ауылының 41 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы марихуана сатқан. Тінту барысында оның үйінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған полимерлі пакеттер табылды. 

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заңсыз зат – салмағы 159,43 грамм кептірілген марихуана. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.