Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

 Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрып, табысқа кенелмек болған қылмыстық топтың ісі әшкере болды. 

Олардың схемасы бойынша белгілі сомаға салым салып, инвестиция тарту көзделген. Ұйымдастырушылар жымысқы әрекетін әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, клиент тартқан. Облыс тұрғындары жалған ұйымға шамамен 70 млн теңге аударған. 

Қазір пирамиданың басшысы ұсталып қамауға алынды. Енді ол инвестициялық пирамиданы құрып және оны басқарғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зарина Құсманова, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

– Қылмыстық әрекет бойынша азаматтар 200 мың теңгеден бастап 25 млн теңгеге дейін инвестиция тарту мақсатында қаржы салу керек болған. Нәтижесінде 1 айдан 1 жыл мерзімге дейін аталған қаржының 10 проценттік үстемесі төленіп отырған. Қазіргі уақытта осы қылмыстан зардап шеккен 27 тұлға анықталып жатыр.