Елордада «Абу-Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты

Елордада «Абу-Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты
Фото: Tengrinews.kz/Надежда Лыкова

Нұр-Сұлтанда «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14:57-де түскен.

«Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минута келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1-қабатында желдеткіш камерасының жануы болғанын анықтаған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған», – делінген хабарламада.

Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта жойылды.