«Қазмедиа» орталығынан өрт шықты

«Қазмедиа» орталығынан өрт шықты

29 наурызда 20:41 сағатта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Д.Қонаев көшесі, 4 мекенжайы бойынша жоғары шақыру нөміріне барды.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингте трансформатор жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шыққан.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеуде. Өрт ауыздықталды.