Қарағанды облысында жолда қалған 250 адам құтқарылды

Қарағанды облысында жолда қалған 250 адам құтқарылды

Қарағанды облысында кеше небәрі 5 сағаттың ішінде жолда қалған 250 адам құтқарылды.

Олардың арасында балалар да бар. Өңірде кеше жедел штаб құрылған. Барлық республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Бекеттер қойылып, орта жолда қалған жолаушылар арнайы көліктермен жеткізілген. Боран салдарынан зиян шеккен нысандар да бар.