Ақтөбеде 15 үй су ортасында тұр

Ақтөбеде 15 үй су ортасында тұр

Ақтөбеде 15 баспана әлі де болса су астында,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Эвакуациялық пунктте 114 адам бас сауғалап отыр. Олардың 62-сі бала. Ойыл және Қобда аудандарындағы 3 елді мекенмен көлік байланысы да тоқтап тұр. Ауылға барар жолдарды еріген қар суы шайған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен әскерилер үйлер мен аула ішіндегі және көшелерге жайылған суды сорғылап, бөгет салып жүр. Барлығы 270 арнаулы техника су тасқыны салдарын жоюға жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетсек, өңірде 119 тұрғын үйді сел басса, 1 баспана тұруға жарамсыз болып қирап қалды.