Қостанайда көлік аялдамаға соқтығысты

Қостанайда көлік аялдамаға соқтығысты
alau.kz

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы «Второй подъем» автобус аялдамасында жол апаты болғанын хабарлады.

«Лексус» көлігін басқарған 32 жастағы тұрғын автобус аялдамасында орналасқан пиццерияға соқтығысқан. Салдарынан жүргізушінің өзі мен кафенің екі қызметкері жарақат алған.

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.