Көз жұмған сарбаздың денесі үйіне жеткізілді

19 жастағы сарбаз Ұлықбек Бердішовтың мүрдесі туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Айта кетейік, қатардағы жауынгер Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Андас батыр» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген. Ұлықбек Бердішов 2-наурыз күні жоғалып кетіп, 39 күннен кейін Қырғызстанның тауларынан жартастың ұшар басында асылып тұрған күйі табылған.