Алматыда көшкін жүріп, екі адам қар астында қалды

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Суыт хабар түскі бір жарым кезінде 109 құтқару қызметінің жедел кезекшісінен түскен. Оқиға Тұйықсу жоғары таулы аймағында «Молодежный» шыңында болған. Шыңның биіктігі теңіз деңгейінен 4  мың 147 метр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына  барлығы 26 адам, алты техника мен 2 кинологиялық есеп жұмылдырылды. Әзірге көшкін астында қалғандардың жағдайы мен олардың кім екені жайлы мәлімет жоқ.