Павлодар - Қызылорда автожолында жүргізуші қаза тапты

Павлодар - Қызылорда автожолында жүргізуші қаза тапты
https://svodka.akipress.org

Жол апаты 11 сәуір күні сағат 23:25-те орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Қызылорда бағытындағы жолда, екінші сорғы станциясының жанында 38 жастағы ВАЗ-21103 жүргізушісі жолай келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысқан.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы ВАЗ жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды.