Ақмола облысында ПД басқарма бастығы ұсталды

Ақмола облысында ПД басқарма бастығы ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаменті басқарма бастығы мен аға жедел уәкілі ұсталды, деп Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Хабар 24» хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер лауазымдық өкілеттіктерін теріс және асыра пайдаланған. Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат тәркіленді. Қазір олар бұлтартпау шарасы бойынша қамауға алынды. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.