Павлодарда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ басшысы ұсталды

Павлодарда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ басшысы ұсталды

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

54 жастағы күдікті 40 жастағы сыбайласымен алдын ала сөз байласып, кәсіпкерлерге психологиялық қысым және қоқан-лоқы көрсеткен. Компаниялардың бірінің бас директоры мен орынбасарынан 52 млн теңгеден астам ақша талап еткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр хабарлады.

Айта кеткен жөн, жыл басынан өңірде бопсалау бойынша 6 қылмыстың беті ашылды.