Елордалық полицейлер кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамды ұстады

Елордалық полицейлер кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамды ұстады

Бұған дейін полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен болатын.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде жас жігіт аялдамада қызды кездестіргені анықталды. Автобуспен бірге жүріп, оның соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болады. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған.

Ұсталған азаматқа айналасындағыларды құрметтемеу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзу, кәмілетке толмаған қызды қорлау дерегі бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайды.

Сондай-ақ құқық бұзушының денсаулығы туралы медициналық мекемеге сұрау жіберілді.