Шымкентте полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты тергеу жүруде

Шымкентте полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты тергеу жүруде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.