Шымкентте полиция қызметінің бұрынғы бастығы қамауға алынды

Шымкент қаласындағы жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері Мұхтар Бұхарбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Ол қылмыстық кодекстің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша өз қызметтін асыра пайдаланды деп, алаяқтық жасау фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Бұхарбаевтың қарамағындағы қызметкері бастығын айыптап, желіге видео үндеу жариялаған болатын. Ол ішкі істер министрлігіне шағым жазып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді. Ал ақпан айында Бұхарбаев қызметінен шеттетілді.

Олжас Тобашов, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Жергілікті полиция басқармасының бұрынғы бастығы М.Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.