Петропавлда 10 гектар жер өртенді

Петропавлда 10 гектар жер өртенді

Бұл жолы қала шетіндегі Береке ықшам ауданында 10 гектар жердегі құрғақ шөп пен қамыс жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күннің ыстығы мен қатты желден лезде күш алған от мұнай қоймалары мен өндірістік нысандарға да қауіп төндірді. Тілсіз жаумен күресуге 15 бірлік арнайы техника мен 55 құтқарушы жұмылдырылды. Сонымен қатар коммуналдық қызмет жұмысшылары су тасу жұмысын ұйымдастырды. 

Марат Сыздықов, ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

- Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп тұр. Және де батпақтан техникаларымыз өте алмай жатыр. Мұнай қоймалары бос. Олар 2014 жылдан бері жұмыс істемейді.