Шымкентте қолды болған төрт техниканың екеуі табылды

Алматыда қолды болған төрт техниканың екеуі табылды. Естеріңізде болса, шымкенттік кәсіпкер Қытайда тапсырыспен – жасатқан  арнайы техникасын жолда бір топ белгісіз біреулер ұрлап кетті деп шағымданған еді. Соның салдарынан инновациялық өндірісті уақытында қоса алмай, шағын бизнесі тұралап қалған. Осыған орай Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық іс ашып, жедел іздестіру тобы құрылды. Нәтижесінде жүк тасымалына арналған техниканың екеуі Алматы қаласындағы құрылыс алаңынан табылды. Күдіктінің бірі көп ұзамай қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық әрекетті жасады деген күдікпен Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін осыған ұқсас әрекетке барып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл ірі көлемдегі алаяқтық болып саналады.