ШҚО орман алқабы өртке оранды
Шығыс Қазақстанда Ұлан ауданында орман алқабы өртеніп жатыр.Таулы аймақтан шыққан өрт 50 гектар алқапты шарпыған. Қазір тілсіз жаумен күреске МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ ҚазАвиаОрманКүзеті мекемесінің десанттары мен жергілікті орманшылар да өртпен арпалысып жатыр. Жұмысты күн райының қолайсыздығы біраз қиындатып тұр, өйткені екпіні секундына 7 метрге жететін жел соғып тұр. Әзірге елді мекендер мен ауыл аймаққа төнген қауіп жоқ.