Ақтауда су құбыр жарылды

Ақтауда су құбыр жарылды

Ақтауда тозған инженерлік желілер тағы сыр берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін қалада бірнеше үй мен спорт кешені сусыз қалды. 22 шағын ауданда құбыр жарылған. Оқиға орнына коммуналдық мекемеден мамандар жіберіліп, жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Қашан қалпына келтірілетіні белгісіз. Ақтауда инженерлік желілер 82%-ке ескіріп тұр. Былтыр 2 мыңға жуық апатты жағдай тіркеліп, құбыр жиі жарылған.