Қарағанды облысында мотоциклші қоршауға соғылып көз жұмды

Қарағанды облысында мотоциклші қоршауға соғылып көз жұмды
Газета.Ру

Қарағанды облысында мотоциклші қоршауға соғылып, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем басталысымен азаматтар Қарағанды облысының жолдарында автокөліктерді белсенді пайдалана бастады. Бұл мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді. Мысалы, 1 мамыр күні сағат 17.00 шамасында Жаңаарқа ауданына қарасты ауылдардың бірінде мемлекеттік нөмірі жоқ мотоциклді тізгіндеген 37 жастағы ауыл тұрғыны рульді басқара алмай, жеке үйдің кірпіш қоршауына соғылған. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Ер адамның мотоциклді тиісті құрал-жабдықтарсыз және құжаттарсыз басқарғаны анықталды.