Павлодар тұрғыны үйінде қарасора өсірген

Павлодар тұрғыны үйінде қарасора өсірген
pavlodarnews.kz

Жедел қызметкерлер құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені үшін 39 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның үйінің аумағындағы жерге, шелектерге және басқа да контейнерлерге отырғызылған 10 қарасора  талы табылды.

- Тінту кезінде үйде ауа айналымы мен суаруға арналған құрылғылар, рефлекторы бар жарықтандыру шамы, термометр, қарасора өсірілген  ыдыстар, тыңайтқыштар мен тұқымдар табылды, - деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 300-бабы – «құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.