Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Еlorda.info

Оқиға 8 мамырда сағат 2:40 шамасында болған, деп хабарлайды Еlorda.info.

«Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сембинов көшесімен Кенесары көшесі қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, осы уақытта Кенесары көшесінде келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен соқтығысты» делінген хабарламада. 

Соқтығыс салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Toyota Camry жүргізушісі мен Mercedes-Benz көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Факт бойынша соталды тергеу басталған.