Түркістан облысында қатты сел жүрді

Түркістан облысында қатты сел жүрді

Қатты жауған нөсер жауын салдарынан Қазығұрт ауылында сел жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оннан аса көшедегі 62 тұрғын үйдің ауласын су басқаны анықталды. Оның ішінде 20 тұрғын үй мен 67 ауладағы қосымша құрылыс нысандарына су кірген. Қазіргі таңда келтірілген шығынды анықтау бойынша арнайы жұмысшы топ құрылды. Адам және мал шығыны жоқ, 2 қора құлаған, 1 тұрғын үйге зақым келген. Аудан әкімдігінен 3 мотопомпа мен 32 қызметкер және Сарыағаш, Ордабасы аудандарынан арнайы техникалар көмекке келіп, су кірген үй, жертөле және аулаларға жиналған суды шығарып жатыр.