Ақтөбеде 9 жасар бала элеватор шұңқырына құлап жарақат алды

Ақтөбеде 9 жасар бала ескі элеватор ішіндегі терең шұңқырға құлап, жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеткіншек балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы әзірге ауыр, ес-түссіз күйде. Биіктен құлау салдарынан миы шайқалып, жамбас сүйегі сынған. Іш құрылысына да айтарлықтай зақым келіпті. Қазір дәрігерлер тиісті ем-дом жасауда. Полицейлердің айтуынша, тәртіп сақшыларымен құтқарушылар жеткіншекті ескі элеватордың ішіндегі тереңдігі 10 метрлік шұқырдан тапқан.