Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына қатысы болуы мүмкін – Антикор

Inbusiness.kz

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде. Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.