Алтын өндірісіндегі қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Ақмола облысында алтын өндіретін фабрикада жұмысшының қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еңбек инспекциясы мәлімдеді. Қайғылы оқиға өткен түнде Зеренді ауданының аумағындағы өндіріс ошақтарының бірінде болған. Құзырлы орган берген мәлімет бойынша 1974 жылы туған ер адамды реагент бөлімшесінде 1 тоннаға жуық әк толы қап басып қалған. Салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Аталған алтын өндіру фабрикасында бұған дейін бірнеше адам өндірістік жарақат алып, мерт болған еді. Марқұмның тағы біреуі Көкшетау қаласының тұрғыны екен. Артында әйелі мен 2 баласы қалды.

Дүйсенбек Баймұсынов, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Бүгін еңбек инспекциясында бұйрық шығарылды. Арнайы комиссиясы құрылды. Сол арнайы комиссия мына оқиғаны тергейді. Сол 10 күннің ішінде белгілі болады.