Шардарада жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы кеше Шардара мен Жетісай аудандарын байланыстыратын күре жолдың бойында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішінде 5 адамы бар BMW көлігі жол бойынан шығып кетіп, аударылған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада жеңіл көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға түсіп кеткенін көруге болады. Өзге көлік жүргізушілері бірден тоқтап, көмек беруге ұмтылғанымен BMW-ның сау-тамтығы қалмаған. Жол апаты салдарынан 3 жолаушы мен жүргізуші сол жерде жан тәсілім етті. Ал бір тұрғын аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Қазір өңірдің полицейлері жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғап, жол көлік оқиғасының себеп салдарын анықтап жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалды.