Семей маңында орман өртенді

Семейдегі орман шаруашылығы аумағында өрт болды.

Оттың тұтануына алқапқа жай түсуі себеп болуы мүмкін. Оқиға Абай облысының Басқарағай ауданында болды. Кеше кешке тұтанған жалынды 100-ге жуық құтқарушы таңға қарай толық сөндірген. Тілсіз жау 280 гектар аумақты шарпыды. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері орманға жақын елді мекендерге қауіп жоқ екенін хабарлады.