Өскемен іргесінде соққан қатты құйын жолындағысын жайпап өтті

Өскемен іргесінде соққан қатты құйын жолындағысын жайпап өтті

Өскемен іргесіндегі Новоявленка ауылында қатты құйын соғып өтті.

Ұйтқи соққан дауыл жолындағысының бәрін жайпаған.

Бірнеше үйдің шатыры қирады. Тіпті куәгерлердің сөзінше, бір үйдің дәретханасына дейін ұшырып әкеткен. ТЖ басқармасы мамандарының айтуынша, оларға ешқандай шақырту түспеген. Зардап шегіп көмек сұрағандар туралы да хабар келмепті. Енді жеке секторда қанша үйдің шатыры бүлінді, оны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы анықтайды.