Қ.Боранбаевты қамау мерзімі 1 айға ұзартылды

Қ.Боранбаевты қамау мерзімі 1 айға ұзартылды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі тағы 1 айға созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық істі әлі тергеп жатыр. Боранбаев 17 наурызда 2 айға қамауға алынған еді. Содан бері ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.