Бөлшектеп тастаған. Павлодарда балықшы адам сүйектерін тауып алды

Бөлшектеп тастаған. Павлодарда балықшы адам сүйектерін тауып алды
Pavlodarnews

Жантүршігерлік оқиға жайлы «Vita» іздеушілері желісі өздерінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Еріктілердің бірі Константин Чернояркада балық аулау кезінде жердің шөп шықпай қалған кішкене бөлігін көзі шалған. Бұл жағдай оған күдікті болып көрінген. Енді жақсылап қараса, толығымен адамның сүйектерін көрген. Ал әрі қарай қазғанда жақ сүйегі шыққан. Сүйектер шашыраңқы жатқан, құдды бір бөлшектеп тастаған сияқты, - дейді еріктілер. 

Олардың айтуынша, жеке тұлғаны анықтауға тістерінің жақсы сақталуы септігін тигізуі мүмкін. 

Айта кетерлігі, бұл - еріктілер тауып алған үшінші жағдай. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Ақсу қаласында балық аулау кезінде Ертістен ер адамның жақ сүйегі табылған. Сонымен қатар биылғы жылдың сәуір айында  Екібастұзда асылып қалған ер адамды тапты.

Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде 30-ға жуық адам есепке алынған. 

Облыстық полиция департаментінде аталмыш факті тізімге алынғанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.