Түркістан облысында қала тұрғыны ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

Түркістан облысының полицейлері шартты түрде жазасын өтеп жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сезікті аса ірі көлемде есірткі затын сақтаған. Сайрам ауданындағы көшелердің бірінде күдіктінің көлігін тінтіген тәртіп сақшылары полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат тауып алған. Оған бірден сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, ол 1,5 келіге жуық  марихуана болып шықты.

Әділет Әметбеков, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бақармасының жедел уәкілі:

- Аталған жәйт бойынша Сайрам аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК 296 бабының 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу амалдары барысында күдікті тұлға қазіргі уақытта шартты түрде жазасын өтеп жүргені анықталды. Күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды.